БастыЭкономика

ТХКБ қазақстандық бөлігіндегі транзиттік жүктердің өту мерзімі екі есе қысқарды

Былтыр еліміз арқылы бұл тасымал түріне 12 күн қажет болса, қазір транзит республика аумағын небары 6-ақ күнде кесіп өтеді.  Жжыл соңында бұл көрсеткішті 5 тәулікке дейін жеткізу жоспарлануда.

Ел Үкіметінде ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте аталған халықаралық дәлізді дамыту шаралары қаралды. Жалпы, осы бағытпен Қытайдан Қара теңіздегі порттарға жүктерді жеткізу мерзімі 53-тен 23 күнге дейін қысқарды. Биылдың  соңына қарай 14-18 күнге жетуі тиіс. Мұндай ілгерілеу қатысушы елдердің бағыттағы кедергілерді жою, өтпелі тарифтерді енгізу және басқа да шараларды жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмысының жемісі.

Сондай-ақ кеңесте кедендік рәсімдерді оңайлату және тасымалдаудың берілген кепілдік көлемін бекітуді көздейтін Қазақстан мен Қытай арасында халықаралық дәлізді дамыту жөніндегі келісімді дайындау мәселесі пысықталды.

TuraNews

Back to top button