Қоғам
Терроризмді насихаттаған күдікті ұсталды
Ол әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттағаны үшін күдіктелуде.
2024 жылғы 28 ақпанда ҰҚК покуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен Шымкент қаласының тұрғынын ұстады.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған адамға әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттады деген күдік келтіріліп отыр.
Тергеу нұсқасы бойынша ұсталған ертеректе ұзақ уақыт бойы алыс шет елдердің бірінде тұрып, радикалды идеологияны қабылдаған.
«Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді», — делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.