Спорт
Trending

Темірлан Ерланов ҚПЛ-дағы клубын ресми түрде ауыстырды

Қазақстан құрамасының орталық қорғаушысы Темірлан Ерланов ресми түрде «Ақтөбе» ойыншысы атанды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

32 жастағы футболшымен жасалған келісімшарттың егжей-тегжейі әзірге жарияланған жоқ.

Бұған дейін Ерланов қостанайлық «Тобылдың» намысын қорғаған болатын. Ол қостанайлық клуб сапында 29 матч өткізіп, екі гол соқты және екі нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, Темірлан 2021-2022 жылғы маусымдарда да «Ақтөбе» сапында өнер көрсеткен. Ол кезде барлық турнирлерде 35 ойынға қатысып, үш мәрте мергендігімен танылса, бір рет голдық пастың авторы атанған еді.

 

Bu gönderiyi Instagram’da gör

 

FC AKTOBE (@fcaktobe_official)’in paylaştığı bir gönderi


Қорғаушы Қазақстан ұлттық құрамасында 2019 жылы дебют жасап, осы уақытқа дейін 20 матч өткізді және бір гол соқты. Transfermarkt порталы футболшының нарықтық құнын 500 мың еуроға бағалап отыр.

Via
sports.kz

TuraNews

Back to top button