Израильдің Тель-Авив қаласында жұмыс істеп жүрген Өзбекстан азаматы жергілікті полиция тарапынан ұсталып, қамауға алынды. Оқиғаға азаматтың әуе дабылы кезінде түсірген бейнежазбасы себеп болған.
senqazaqsyn парақшасының хабарлауынша, қалада зымыран соққысынан сақтану үшін сирена ойнап, тұрғындар жаппай баспаналарға бет алған сәтте, ол бос қалған көшелерді видеоға түсірген. Өз жазбасында көшеде адамдардың көрінбеуін халықтың «қорқақтығымен» байланыстырып, бұл туралы пікірін TikTok әлеуметтік желісінде бөліскен.
Аталған бейнежазба желі қолданушылары мен жергілікті биліктің назарын аударды. Израиль тәртіп сақшылары бейнежазба авторын жедел анықтап, оны қоғамдық тәртіпті бұзу және арандатушылық әрекет жасау күдігімен қамауға алды. Қазіргі таңда оның ісіне қатысты құқықтық баға беріліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Bu gönderiyi Instagram’da gör



