Тазабек Икрамов: Жау ғана туын жасырын ауыстырады
Жаңа ту құрметті қарауыл, салтанатты әнұран аясында және Мемлекеттік хатшының қатысуымен көтерілуі тиіс болатын. Жогорку Кенеш депутаты Тазабек Икрамов Facebook парақшасында осылай деп жазды. Бұл туралы 24.kg сайтына сілтеме жасап TuraNews.kz хабарлайды.
«БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен жиында Мемлекеттік хатшы тудың түзетілу себебін және қай жерде түзетулер енгізілгенін түсіндіруі тиіс еді. Ту жай нәрсе емес. Бұл тұтас идеология! Сонымен қатар, Жогорку Кенеш ұсынған тудың нұсқасы басқа, Уикипедияда көрсетілген ту басқа. Бұл тек халықтың наразылығын тудырады», — деп жазды ол.
Халық депутаты жедел түрде президент басқаратын мемлекеттік комиссия құрып, тиісті тұлғаларды жауапқа тартуды ұсынды.
«Мұнсыз қоғам арасындағы наразылық күшейе береді», — деп түйіндеді ол.