Қоғам

«Таза Қазақстан» акциясы Таврия ауылында жалғасты

Шығыс өңірінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында басталған жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Бүгін экологиялық науқан Таврия ауылдық округінде өтті.

«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының қызметкерлері бастаған 150 адам акцияға белсене қатысып, мың қаптан астам қоқыс жинады.

Экологиялық акцияға қатысушылар бірнеше топқа бөлініп, ауыл маңында тазалық жұмыстарын жүргізді.

– Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы еліміздің барлық тұрғындарын экологиялық акцияға қатысуға шақырған болатын. Осының нәтижесінде 12 сәуірден бастап «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық акциясы басталды. Осы акцияны қолдаған бірден бір ұйым «AMANAT» партиясы бүгін де тазалық акциясын жалғастырып отыр. Жалпы облы

с бойынша тазалық жұмысын жүргізетін 127 орынды анықтап белгіледік. Бұл орындардың барлығының бақылауда ұстайтын боламыз, – деді партияның өңірлік филиалының төрағасы Сайрангүл Жұмаділова.
Эколгиялық акцияға 150 адам қатысып, 1000 қаптан астам қоқыс жинады. Тазалық акциясына қатысушылардың қатарында филиал қызметкерлері, «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенділері, депутаттар, бастауыш партиялық ұйымдардың мүшелері және ауыл тұрғындары болды.

– Бүгін акция аясында Таврия ауылдық округінің айналасын тазалап шықтық. Айналамызды таза ұстау әр азаматтың борышы деп білемін. Сондықтан да бұл акция жалғасын тауып, алдағы уақытта осындай іс-шаралар көп болса екен. Әр адам өз айналасын таза ұстауға күш салса, қоршаған ортамыз да таза болмақ, – дейді Жаңа Азов ауылдық округінің тұрғыны Жарқын Оқан.

 

 

TuraNews

Back to top button