Қоғам

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар жалғасуда

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар жалғасын табуда.

2024 жылдың 21 қаңтарында Ұлытау облысының барлық өңірлерінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында халықтың әртүрлі топтары үшін түрлі бағыттағы экологиялық іс-шаралар өткізілді. Барлық акциялардың негізгі мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, тұрғындардың экологиялық санасын арттыру және табиғатқа деген қамқорлықты насихаттау.

Жезқазған қаласында белсенді жастар Жастар ресурстық орталығының аумағында қар тазалау жұмыстарын жүргізді.

««Таза Қазақстан» адамдарды біріктіретін дәстүрге айналды, оларға игі және пайдалы іс жасауға, табиғатқа, туған қаласына қамқорлық көрсетуге тағы бір себеп береді», — деп атап өтті Жезқазған қаласының Жастар ресурстық орталығының директоры Сәкен Қайратов.

Жаңаарқа ауданында жастар да шетте қалмады, олар аудан орталығында орналасқан «Мәңгілік ел» алеясының қарын тазарту жұмыстарын жүргізді.

Облыстың барлық қала-аудандарының білім беру ұйымдарында «Таза аудан», «Таза Қазақстан», «Менің таза қалам» сияқты экологиялық тақырыптарға ашық сабақтар мен сынып сағаттары ұйымдастырылды. Оқушыларға қоршаған ортаға қамқорлықтың маңызы, табиғатты қорғау қажеттілігі туралы түсіндірілді.

Қаражал қаласында жалпы білім беретін мектептерде «Табиғатты аялайық!» атты оқушылар арасында сурет салудан байқау өтті.

Халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының жастары мен еріктілері тұрғындарға брошюралар мен буклеттер таратты. Олар тұрғындарға табиғи ресурстарды сақтау және қоғамдық орындардағы қоқыстардың алдын алу, қоқыс қалдықтарын қайта өңдеу, энергия мен суды үнемдеу бойынша кеңестер берді.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғаннан бері барлығы 148 мыңнан астам адам, 1317 ұжым қатысты. Сондай-ақ 1997 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылды, нәтижесінде 3493 тонна қоқыс шығарылды, 264 кәсіпорын мен 224 әлеуметтік нысан жұмылдырылды.

 

TuraNews

Back to top button