Әлем

Таулы Қарабақтан Арменияға өткендер саны 28 мыңнан асты

Арменияға келген Таулы Қарабақ тұрғындарының саны 28 120 адамға дейін өсті, деп РИА новости сайтына сілтеме жасап TuraNews.kz хабарлайды.

Армения үкіметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 қыркүйектегі жағдай бойынша 20.00 (Астана уақытымен 00.00) Таулы Қарабақтан Армения Республикасына 28120 босқын кірген.

Министрлер Кабинеті келгендердің 20 800-ін тіркеу туралы мәліметтер жинақталып, 7320 адамның қажеттіліктері әлі де нақтыланып жатқанын айтты.

«Алдын ала белгіленген тұрғылықты жері жоқ барлық адамдарды үкімет тиісті тұрғын үймен қамтамасыз етеді», — хабарламада атап өтілген.

TuraNews

Back to top button