Танылмаған Таулы Қарабақ Республикасының Президенті Самвел Шахраманян 2023 жылдың 19 қыркүйегінен кейінгі жағдайларға байланысты тиісті Жарлыққа қол қойды, деп жазады TuraNews.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
«2024 жылдың 1 қаңтарына дейін ведомстволық бағыныстағы барлық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарды таратылады және Таулы Қарабақ (Арцах) Республикасы мемлекеттілігі жойылады», — делінген Жарлықта.
Осы Жарлық күшіне енгеннен кейін Таулы Қарабақ тұрғындарына, оның ішінде республикадан тыс жерлердегі тұрғындарға Әзербайжан ұсынған реинтеграция шарттарымен танысуға, содан кейін аймақта қалу-қалмауды өз бетінше шешуге нұсқау беріледі.
Жарлық жарияланғаннан кейін бірден күшіне енеді.