
Daryo.uz сайтының хабарлауынша, 2025 жылдың 2 мамырында Мырза Ұлықбек аудандық қылмыстық істер соты 1964 жылы дүниеге келген физика пәнінің мұғалімі И.Р.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.
Белгілі болғандай, ол аталған аудандағы №18 жалпы білім беретін мектепте физика пәнінен сабақ берген. 2024 жылдың қараша айының басынан бастап сол мектепте білім алатын 2008 жылы туған 10-сынып оқушысына қатысты орынсыз қылықтар көрсеткен.
Нақтырақ айтқанда, ол оқушыға әртүрлі күлкілі белгішелер жіберіп, 2025 жылдың ақпан айының басында орыс тілінде «мен сені сүйемін» деген секілді сөздермен өз сезімін жеткізген, сыныптастарынан оның жеке өмірі жайлы мәліметтер сұрастырған және сабақ уақытында оған қарап, жыныстық сипаттағы ым-ишаралар жасаған.
Сотта айыпталушы қызды екі жыл бойы қадағалағанын, оны қатты ұнататынын, ешқандай жаман ойы болмағанын айтып, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Жәбірленуші бұл жағдай туралы 2025 жылдың сәуір айының соңында анасына баяндаған. Қыздың анасы мектеп әкімшілігіне хабарласқанын, алайда олар мәселені жария етпей шешуге тырысқанын және ешқандай тәртіптік шара қолданбағанын жеткізді. Мектеп директоры қыздан мұғалімнің дауыстық жазбасын алуды өтінген, бірақ ұстазға ешқандай шара қолданбаған.
Тергеу барысында мұғалімнің қызға сыныптастарының бірі арқылы «Менен қорықпасын, мен оны жақсы көремін, менің үлкен жоспарларым бар, оған үйленгім келеді» деген мазмұнда хабарлама жолдағаны анықталды.
Соттың шешімімен мұғалім кінәлі деп танылып, бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.