Саясат

Ташкентте ШЫҰ форумының ХІХ отырысы өтеді

2024 жыл 5 маусым күні Өзбекстан астанасында Шанхай ынтымақтастық ұйымы форумының ХІХ отырысы өтеді.

Атаулы шараны Өзбекстан төрағалығымен Өзбекстан Президенті жанындағы Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институты ұйымдастырып отыр.

Форум «Жаңа жағдайдағы ШЫҰ-ның рөлі: ортақ қауіпсіздік, тұрақтылық және өркендеу жолындағы күш-жігерді біріктіру» тақырыбына арналады.

Оған әлемнің 10 елінен 40-тан астам сарапшы, оның ішінде ШЫҰ-ға мүше елдердің ұлттық ғылыми орталықтарының өкілдік делегациясы, ШЫҰ бақылаушы-мемлекеттерінің мамандары және ұйымның байланыс серіктестері, ШЫҰ Хатшылығының басшылығы мен ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының Атқару комитеті басшылығы қатысады.

Іс-шараның күн тәртібіне ШЫҰ аясындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары, ШЫҰ-ның заманауи даму сатысындағы тиімділігін арттырудың болашақ перспективаларын талқылауға және ШЫҰ форумының қызметін жетілдіруге арналған негізгі үш сессия қарастырылған.

Форумның соңында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің іс-шараның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша көзқарастары сипаттайтын Отырыстың Хаттамасына қол қою жоспарланған.

 

Source
Уза агенттігі

TuraNews

Back to top button