БастыМәдениет

Ташкентте Қазақ ұлттық мәдени орталығы балалар шығармашылық байқауын өткізді

Ташкент қаласындағы «Теміржолшылар» мәдениет сарайында Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығының ұйымдастыруымен балалар шығармашылық байқауы өтті,

Бұл туралы «ӨзА» ақпарат агенттігі хабарлады.

— Өзбекстан — ғасырлар бойы сан алуан ұлт пен ұлыстың, әртүрлі дін өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан бауырмал ел. Соңғы жылдары Президент Шавкат Мирзиёевтің бастамасымен ұлтаралық достық пен конфессияаралық келісімді нығайту, қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілікті көздің қарашығындай сақтау ісіне айрықша мән берілуде, — деп жазады «ӨзА».

Өзбекстандық басылымның дерегінше, осы бағыттағы игі қадамдардың қатарында ұлттық мәдени орталықтардың қызметін қолдау, оларды жан-жақты дамыту және материалдық әрі рухани тұрғыда ынталандыру бойынша жүйелі шаралар жүзеге асырылып келеді.

«ӨзА»-ның келтірген мәліметіне сүйенсек, мұндай шаралар достық пен бауырмалдықты нығайтып қана қоймай, жас буынның бойында өнерге деген сүйіспеншілік пен рухани құндылықтарды дамыта түседі.

 

Via
Kazinform

TuraNews

Back to top button