БастыСаясатЭкономика

Ташкентте «Қамбарата-1» ГЭС құрылысы талқыланды

Үш елдің Энергетика министрлері Ташкентте бас қосып, «Қамбар ата - 1» жобасын іске асыру мүмкіндігін талқылады.

Қырғызстанда салынатын «Қамбарата-1» гидроэлектростанциясы үш елдің, яғни Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстанның энергетикалық сұранысын, белгілі бір мөлшерде реттеуге мүмкіндік береді. Ал жоба сәтті жүзеге асса, болашақта басқа мемлекеттерге қуат көзін экспорттап, пайда табуға жол ашпақ, деп жазады 24.kz.

27 қаңтарда Ташкент қаласында «Қамбарата-1» ГЭС құрылысы талқыланған жиын өтті. Оған  Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның энергетика министрлері мен инвестор ретінде бүкіләлемдік банктің Орта Азиядағы өкілдігі қатысты.

Станция қуаты 1800 мегаватт боламақ. Бұл жобада Қазақстан мен Өзбекстанның үлесі 33%, ал Қырғызстан 34% акцияға иелік етеді. Инвестордың қарызынан құтылғаннан кейін үш мемлекет түскен пайданы теңдей бөліп алмақ. Құрылыс жұмыстары 10 жылға жалғасады. Оған 6 млрд АҚШ долларын жұмысау көзделген.

Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:
— Қамбарата-1  гидроэлектростанциясының  құрылысы үш мемлекеттің су режимін сақтауға мүмкіндік береді. Екіншіден, энергетикалық мәселелер толығымен шешілмесе де, қандай да бір бөлігін жабуға септігін тигізеді. Біздің оңтүстік аймақтар үшін ГЭС-тің салынуы тиімді болып отыр. Себебі біз қазір энергияны елдің солтүстігінен жеткізіп отырмыз. Үшіншіден, бұл жоба іске қосылғаннан кейін қуатты экспорттасақ, үш елге де пайда әкеледі.

TuraNews

Back to top button