ӘлемҚоғам

Ташкентте қайыршыларға қарсы рейд жүргізіліп жатыр

Өзбекстан астанасының көшелерінде қайыр сұраумен айналысатындарды анықтауға бағытталған рейд жүріп жатыр.

Ташкент қалалық бас ішкі істер басқармасының мәліметінше, мешіт, жолдардың бойы мен қиылыстарда қайыр сұрауды кәсіп еткен 26 әйелге қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Сонымен қоса, олардың жанында бұл іске тартылған 13 кәмелетке толмаған баланың болғаны анықталып, бүлдіршіндер әлеуметтік қорғау орталығына орналастырылды.

Бұған қоса, жедел алдын алу іс-шарасы барысында қайыр тілеушілермен бірге үш бөтен баланың жүргені белгілі болды. Олар ата-аналарына қайтарылды.

Айта кетейік, Өзбекстан заңнамасына сай, қайыр сұраған азаматтарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Егер мұндай әрекет қайталанып жасалатын болса, онда қылмыстық жаза қолданылуы мүмкін.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button