Саясат

Ташкентте Орталық Азияның климаттық саясатының тұрақты даму мәселелері талқыланды

Қатысушылар Орталық Азиядағы Климаттық саясатты қалыптастыру мәселелерін, өңірдің орнықты әлеуетін құрудағы халықаралық әріптестердің рөлін, өңірдің климаттық саясатын орнықты дамытудағы үкіметтік емес ұйымдар мен жастардың рөлін талқылады.

2024 жылғы 10 ақпанда Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н.Шәрбиев БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-ші конференциясының қорытындыларын және алдағы  КС-29 (Баку қ., Әзірбайжан) жоспарларын талқылауға арналған іс-шараға қатысты.

Іс-шараға Орталық Азия елдерінің табиғатты қорғау ведомстволарының басшылары мен орынбасарлары қатысты. Қатысушылар Орталық Азиядағы Климаттық саясатты қалыптастыру мәселелерін, өңірдің орнықты әлеуетін құрудағы халықаралық әріптестердің рөлін, өңірдің климаттық саясатын орнықты дамытудағы үкіметтік емес ұйымдар мен жастардың рөлін талқылады.

Н.Шәрбиев өз сөзінде қазіргі заманғы климаттық сын-қатерлерді шешу, су және энергетикалық ресурстарға өсіп келе жатқан сұраныс ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейде үйлестірілген күш-жігерді талап ететінін атап өтті.

Қазақстан жалпы шараларды күшейту және климат бойынша өңірлік процестің бірлескен тәсілдерін әзірлеу үшін 2026 жылы Өңірлік Климаттық саммит өткізуді жоспарлап отыр. Бұл өңірдегі климат саласындағы қолданыстағы және жоспарланған бағдарламаларды жүйелеуге, сондай-ақ олардың негізінде климаттық іс-қимылдардың бірлескен тәсілдерін әзірлеуге мүмкіндік береді.

 

TuraNews

Back to top button