БастыҚоғам

Ташкентте Орталық Азия ғалым әйелдерінің халықаралық форумы өтті

11 ақпанда Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күніне орай Ташкент қаласында «SheSCIENCE 2026» Орталық Азия ғалым әйелдерінің халықаралық форумы өтті, деп жазады ӨзА.

Форум Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы, Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігі, Отбасы және әйелдер комитеті, Азия даму банкі және TWAS — Дүниежүзілік ғылым академиясының ынтымақтастығымен ұйымдастырылды.

Іс-шараға Өзбекстанның мемлекеттік басқару органдары, халықаралық ұйымдар, ғылыми мекемелер мен жоғары білім беру жүйесінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстаннан 200-ге жуық ғалым әйелдер қатысты.

Форумда Азия даму банкінің Өзбекстандағы өкілдігінің директоры Канокпан Лао-Арая мен TWAS вице-президенті Сабах Ал-Мумин Орталық Азиядағы ғалым әйелдердің ғылыми қызметін қолдау, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

 

TuraNews

Back to top button