БастыҚоғам

Ташкентте «Орталық Азия — біртұтас кеңістік және көзқарас» форумы өтті

Түркі мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынас өз биігін сақтап келеді.

Өзбекстанда бас қосқан туыстас елдердің халықтық дипломатия өкілдері осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Ташкентте «Орталық Азия — біртұтас кеңістік және көзқарас» форумы өтті. Басқосуға аймақ елдері бастамашы болып, оның барысында түрлі ұлт пен конфессияаралық байланыс мәселелері талқыланды.

Мамандардың айтуынша, түркі мемлекеттерінің ынтымағы мығым. Орталық Азия деңгейіндегі қарым-қатынас та жоғары деңгейде. Байланысты осы биікте сақтап қана қоймай, оны одан әрі нығайта түсу маңызды. Сондықтан тараптар халықтық дипломатия өкілдерінің жұмысын жетілдіруге ниетті. Бұл іске өнер, мәдениет және спорт саласының майталмандары атсалысып келеді.

«Әр мемлекеттің халық дипломаттары болғаны жөн. Ол — өте қуатты күш. Мұны ұтымды пайдалансақ, әлемде мәңгілікке бейбітшілік орнайды. Тек түркі мемлекеттері емес, басқа да тараптар халықтық дипломатияны таңдап, ортақ көзқарасқа ұйып, ілкімді іс атқара алады. Бауырлас елдер осыны терең түйсініп отыр. Енді біз рухани құндылықтарымызды дәріптеу жолына түстік», — деді Қырғызстан мен Ресейдің Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ассоль Молдокматова.

TuraNews

Back to top button