БастыҚоғам

Ташкентте Наурызды қалай тойлап жатыр?

Anhor, Ashgabat, Central Park, Tashkent City Park, Magic city сияқты саябақтар мен басқа да жерлерде кең ауқымда өтіп жатыр.

Өзбекстан астанасында Наурыз мейрамына орай мерекелік сейіл, концерт, қолөнер шеберлерінің көрмесі мен ұлттық ойындар ұйымдастырылып, тұрғындарға тәттілер таратылуда, деп жазады Kazinform агенттігі.

Мерекелік шаралар Ташкент қаласының барлық бөлігінде, атап айтқанда Anhor, Ashgabat, Central Park, Tashkent City Park, Magic city сияқты саябақтар мен басқа да жерлерде кең ауқымда өтіп жатыр.

Көшелерден естілген керней мен сырнайдың сазы мерекенің басталғанынан хабар беріп, барша тұрғынды мейрамды тойлауға шақыруда. Ал, фольклорлық-этнографиялық топтардың ән-билер арқылы бейнелеп, жеткізіп жатқан өзбек ұлты мәдениетінің қайталанбас бірегей болмысы көрермендерді баурап алады.

Сондай-ақ, мерекеге орай ұйымдастырылған қойылымдар, ұлттық костюмдер көрсетілімі, қолданбалы өнер көрмесі, балалардың көңілді билері барлығына көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

 

TuraNews

Back to top button