ӘлемҚоғам

Ташкентте мас ана гүл дүкенінде қызын аяусыз соққыға жықты

Әлеуметтік желіде гүл дүкенінде гүл сұрап жатқанда В.А.-ның мас күйінде қызы В.И.-ды балағаттап, ұрып-соғып жатқаны туралы видеохабарламалар тарады, деп жазады TuraNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Өзбекстан Балалар омбудсмені дүкенде анасынан таяқ жеген қыздың жағдайына қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Оқиға Мырза Ұлықбек ауданы «Оқибат» мөлтек ауданындағы Марказ-1 орамында орналасқан дүкенде болғаны анықталды. Сол жерде болған азаматтар оқиғаны видеоға түсіріп, таратқан.

Бұл жағдай бірден Балалар омбудсменінің бақылауына алынды. Қазіргі уақытта ана В.А.-ның әрекетін бағалауға байланысты аудандық ІІБ тарапынан тергеу амалдары жүргізілуде.

Балалар омбудсменінің айтуынша, анасының мұндай зорлық-зомбылығынан зардап шеккен қыз Ташкент қаласындағы кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-құқықтық қорғау орталығына орналастырылған. Әйелді аналық құқығынан айыру мәселесі қаралуда.

TuraNews

Back to top button