Қоғам

Ташкентте жүк көлігі шұңқырға түсіп кетіп, жеңіл автокөлікті құммен басып қалды

Өзбекстан астанасы Ташкентте жүк көлігі жанында тұрған жеңіл автокөлікті құммен басып қалған.

Өзбекстан астанасы Ташкентте жүк көлігі жер астына түсіп кетіп, Chevrolet Lacetti көлігін құммен басып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жергілікті Oblakouz Telegram-арнасының ақпаратынша, оқиға 15 маусым күні Шота Руставели көшесінде болған.
Telegram/oblakouz

Жүк көлігі бағдаршам жанында Chevrolet Lacetti көлігінің қасына тоқтаған. Жүргізуші оңға бұрылмақ болғанда, асфальт шыдас бермей, жүк көлігі шұңқырға түсіп кетіп, жанында тұрған жеңіл автокөлікті құммен басып қалған.

Telegram/oblakouz

«Жүргізуші әрең дегенде шығып үлгерген», – делінген ақпаратта.

 

TuraNews

Back to top button