Әлем
Ташкентте және он облыста 5 баллдық жер сілкінісі болды

Өзбекстан астанасы Ташкентте және басқа қалаларда тағы да қуатты жер сілкінісі болды, деп Uznews агенттігіне сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.
Эпицентрі Тәжікстанда орналасқан зілзала Ташкент уақыты бойынша 01:07 кезінде болды. Магнитудасы — 6,5 балл.
Өзбекстан аумағындағы жерасты дүмпуінің қуаты:
Ташкент: 5 балл
Сырдария облысы: 5 балл
Ферғана облысы: 5 балл
Жизақ облысы: 5 балл
Наманган облысы: 4-5 балл
Самарқанд облысы: 4-5 балл
Әндіжан облысы: 4-5 балл
Сухандария облысы: 4 балл
Қашқадария облысы: 4 балл
Науаи облысы: 4 балл
Бұхара облысы: 4 балл.
Бүгін аталмыш жер сілкінісі Қазақстанның үш өңірінде сезілген болатын.