БастыДенсаулықМәдениет

Ташкентте «Халықаралық түрік поэзия фестивалі» басталды

Түркі әлемінің әдебиет қазынасын бір арнаға тоғыстырған «16-шы Халықаралық түрік поэзия фестивалі» Ташкентте салтанатты түрде ашылды.

Аталмыш, шара Түркі елдері Жазушылар одағы, ТҮРКСОЙ, ТИКА, Өзбекстан Жазушылар одағы және басқа да ұйымдардың бірлесіп ұйымдастыруымен өтуде. Фестиваль Мехмет Доғанды еске алуға арналып отыр.

Ашылу салтанаты Өзбекстан Жазушылар одағының мәжіліс залында өтті. Оған түркі әлемінің белгілі ақындары мен жазушылары қатысып, өзара әдеби байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтың шараға арнап жазған құттықтауын ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының бас үйлестірушісі Мұрат Кахраман оқыды. Сұлтан Раев өз сөзінде «Халықаралық түркі тілінің поэзия фестивалі әдебиетіміздің құдіретін шекарадан тыс, ортақ мәдениетіміздің тамырын қайта ашуға мүмкіндік береді», деп атап өтті. Сонымен қатар, ТҮРКСОЙ ұйымы түркі әлемінің мәдениеті мен әдебиетінің бірлігін нығайту үшін түрлі жобаларды қолдайтындығын айтты.

Бағдарламаның алғашқы күнінде әдебиет әлемінің өкілдері марапатталды. Ғафур Ғұлама сыйлығы түркиялық ақын Осман Өзбахчеге, А.Джахит Зарифоглу сыйлығы қырғыз ақыны Атахан Кокогуловқа, Д.Мехмет Доған сыйлығы ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетке берілді.

Фестиваль аясында Әлішер Науай, Д.Мехмет Доған, Алиқұл Османов және Абай Құнанбаевты еске алуға арналған поэзия бөлімдері ұйымдастырылды. Үш күнге созылатын шара барысында поэзия сағаттары, әдеби сессиялар және түрлі мәдени іс-шаралар өтеді.

 

 

TuraNews

Back to top button