БастыҚоғамСаясат

Ташкентте адамдар көп жиналатын жерлерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Өзбекстан Ұлттық гравдиясының бөлімшелері де күшейтілген бақылау жұмыстарына жұмылдырылды.

Өзбекстан астанасында құқық қорғау органдарының қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін адамдар көп жиналатын жерлерде бақылауды күшейтті, деп жазады Kazinform агенттігі.

Ташкент қалалық бас ішкі істер басқармасының мәліметінше, арнайы бөлім мамандары күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Қызметкерлер сауда кешендерін, ойын-сауық орындарын, базарларды, мешіттер мен көшелердегі күзетті қатаң бақылауға алды.

Келушілердің сөмкелері мен басқа да жеке заттарды мұқият қаралып, адамдар көп жиналатын жерлерде қызметтік иттердің көмегімен тексерістер жүргізілуде.

Өзбекстан Ұлттық гравдиясының бөлімшелері де күшейтілген бақылау жұмыстарына жұмылдырылды.

«Рамазан айына байланысты қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық гвардия мен басқа да құқық қорғау ведомстволарының қызметкерлері намаз уақытында Ташкенттің барлық мешіттерінде, бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда, ірі сауда кешендерінде, базарларда, кинотеатрларда, саябақтар мен даңғылдарда күшейтілген күзет жүргізуде», — деп мәлім етті Ұлттық гвардияның баспасөз қызметінен.

 

TuraNews

Back to top button