
Алматыда Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің қарымта матчында «Қайрат» футбол клубы шотландиялық «Селтикті» пенальти сериясында 3-2 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтті.
Ойынның негізгі уақыты тең есеппен аяқталды. Одан кейін италиялық төреші Маурицио Марани жеңімпазды анықтау үшін қосымша 30 минут қосты.
Экстра-таймда шотландтар жеңіске жақын болды, алайда Қазақстан чемпионы қарсыластың жойқын шабуылдарына төтеп берді. Жекпе-жектің тағдыры пенальти сериясында шешілді, бұл жолы «Қайратқа» сәттілік серік болды.