Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа «MFÖ» музыкалық тобының мүшесі, әнші Өзкан Уғурдың қайтыс болғанын хабарлады.
Министр Кожа біраз уақыттан бері жансақтау бөлімінде емделіп жатқан әнші Өзкан Уғур туралы әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламасында «Қымбатты Өзкан Уғурдан айырылдық. Барша жақсы көретін көңіл досы, жүрек бұлағы бұл дауысты ешқашан ұмытпаймыз. Қатты өкініштіміз. Өзіне Алланың рақымын, отбасына және жанкүйерлеріне көңіл айтамын» деді.
Әнші, кино мен телехикая актері болған Өзкан Уғур 1953 жылы 17 қазан күні Стамбулда дүниеге келді.
Музыкалық мансабын 1970 жылы бастаған Уғур көптеген музыкалық топта бас-гитарист ретінде ойнады.
1984 жылы «МФӨ» (MFÖ/Мазхар Алансон — Фуат Гүнер — Өзкан Уғур) ретінде «Ele Güne Karşı Yapayalnız» альбомымен алғаш кез танымал болды. 1985 жылы «Diday Diday Day» және 1988 жылы «Sufi» әндерімен Түркия атынан екі рет «Eurovision» ән байқауына қатысты.
Музыка саласында табысын дәлелдеген соң фильм әлеміне қадам басқан Уғур көптеген фильм мен телехиқаяда рөл алды.
2013 жылы лимфа ісігімен ауырған өнерпаз 2 рет емделіп, бұл ауруды жеңді.
2022 жылы үшінші рет лимфа қатерлі ісігі диагнозы қойылған Өзкан Уғур емдеу процесі ағзаларына зақым келтіргендіктен жансақтау бөлімінде интубацияланған болатын.