
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2-3 тамыз күндері Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессо Қазақстанға ресми сапармен келеді.
7-8 тамыз күндері Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің елімізге мемлекеттік сапары болады.
9 тамыз күні Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы консультативтік кездесуі өтеді.