Экономика

Тәжікстанның орташа жылдық экономикалық өсу қарқыны 7,5%-ға дейін жеделдеді

Елде мемлекеттік бюджет кірісі жан басына шаққанда 100 еседен астам өскен.

Бұл туралы сейсенбі күні Тәжікстанның Әзербайжандағы елшісі Илхом Абдурахмон Тәжікстан тәуелсіздігінің 33 жылдығына арналған шарада мәлім етті, деп жазады Trend агенттігі.

«Соңғы 23 жылда ел экономикасының нақты секторын қалпына келтіру бойынша дәйекті шаралардың арқасында Тәжікстан орташа жылдық экономикалық өсу қарқынына 7,5% қол жеткізе алды», — деді ол.

Елшінің айтуынша, осы кезеңде мемлекеттік бюджет кірісі жан басына шаққанда 100 еседен астам өсті.

«Егер 1994 жылы ел тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығы 70 жас шамасында болса, қазір азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасты құрап отыр, ал тіркелген өлім саны 2 есеге қысқарды», — деді Илхом Абдурахмон.

Сонымен қатар, осы кезеңде ел халқының саны 5,5 миллионнан 10,2 миллион адамға өскенін айтқан Елші Илхом Абдурахмон, Тәжікстанның соңғы он жылда төрт рет инвестицияны ынталандыру саласында реформалар жүргізген әлемдегі он елдің қатарына кіргенін атап өтті.

«Бұл жетістіктер – еліміздегі кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялық қолайлы жағдай жасау бағытында жүргізіліп жатқан табысты мемлекеттік саясат пен реформалардың нәтижесі», — деп айтты ол.

TuraNews

Back to top button