Әлем
Тәжікстанның барлық жергілікті әуежайлары Қорғаныс министрлігінің бақылауына алынды

Тәжікстанның жергілікті авиакомпанияларының барлық әуежайлары қалалар мен аудандардың меншігінен Қорғаныс Министрлігінің балансына берілді, деп жазады Turanews.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Жаңа қаулыға сәйкес, Тәжікстанның қорғаныс министрлігі жергілікті авиакомпаниялардың 18 әуежайын — Хатлон облысында 4 әуе айлағын, республикалық бағыныстағы аудандарда 4, Соғды облысында 5 және Таулы-Бадахшан автономиялық облысында 5 әуе айлағын өз қарамағына алады.
Тәжікстан Қорғаныс министрлігі өз қарамағына алған әуежайларды қалпына келтіріп, тұрақты дайындығын қамтамасыз етуі керек.
Қазіргі уақытта рейстер республиканың төрт халықаралық әуе айлағынан — Душанбе, Худжанд, Бохтар мен Кулябтан ғана жүзеге асырылады.
Динара Мұрат-Inbuisness