Әлем
ТәжікстандаTe 4,7 балдық жер сілкінісі болды

Тәжікстанда магнитудасы 4,7 балдық жер сілкінісі болды, деп Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің «СТӘЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 6 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 04:10-да жер сілкінісін тіркеді.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 621 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 10,0. MPV магнитудасы — 4,7», — делінген хабарламада.