БастыСаясат

Тәжікстандағы парламент сайлауын ЕҚЫҰ байқаушылары қадағаламайды

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Тәжікстандағы парламент сайлауын қадағалайтын байқаушылар миссиясын тоқтатуға мәжбүр.

– Сайлауға бір айдан аз уақыт қалды. Бұл ретте біздің байқаушыларға ресми кепілдіктің берілмеуі бақылау жүргізу миссиясын күрделендіре түсті, — деп мәлім етті ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросынан.

Айта кетейік, Тәжікстан парламентінің төменгі палатасына депутаттарды сайлау 2 наурызға жоспарланса, жоғары палатадағы саяси дода 28 наурызға белгіленген.

– Сайлауды бақылау миссиясы 22 қаңтарда ашылғанымен, Душанбедегі сарапшылар тобы жұмысқа кірісе алмады. Байқаушыларды тіркеудің ұзаққа созылуы қадағалау процесін ұйымдастыруға айтарлықтай әсер етті, — делінген Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының хабарламасында.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button