
Сейсмологтардың ақпаратынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 628 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 10,1. Магнитудасы MPV 4.9. Эпицентр координаттары 39,03° с. е. 71,86° ш. б. Тереңдігі 30 км. Қазақстан аумағында байқалу (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.
Бұған дейін қазақстандық сейсмологтардың Қытайдағы жер сілкінісін тіркегені туралы хабарланған болатын.