Тәжікстанда 2023 жылдың 2 қазанында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды TuraNews.kz.
ҚР ТЖМ «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2 қазанда Алматы уақыты бойынша сағат 20-24-те жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 624 шақырымда Тәжікстан аумағында территориясында орналасқан.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 12.0. MPV
- Магнитудасы: 5.6.
- Жер сілкінісі ошағының координаттары: 38.81° с. е. 72.29°ш.б.
- Тереңдігі: 20 км