Әлем
Тәжікстанда жер сілкіні тіркелді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 14 шілде күні сағат 02:49-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Turanews.kz.
«Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 823 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында жатыр. Энергетикалық санаты – 12.5. MPV магнитудасы – 5.7. Эпицентр координаттары – 37.04° с.е. 71.55° ш.б. Тереңдігі – 35 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәлімет жоқ», — делінген хабарламада.