Әлем
Тәжікстанда екінші рет жер сілкінді

Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі бүгін Алматы уақытымен 7 сағат 35 минут 54 секунд кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 636 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында болған.
«Зілзаланың энергетикалық санаты – 11.8. MPV магнитудасы — 5,6. Тереңдігі — 20 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ», — делінген кезекші оператордың хабарламасында.
Еске сала кетейік, бүгін таңертең Тәжікстанда 7 балдық жер сілкінісі тіркеліп, оны алматылықтар сезінген.