Тәжікстанда әйелдерге қатысты 3 мыңнан астам қылмыс тіркелген
2025 жылдың қорытындысы бойынша Тәжікстанда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты шағымдар мен тіркелген қылмыстар саны артқан, деп хабарлайды Kazinform.
Есеп беру баспасөз мәслихатында Тәжікстан Республикасы Әйелдер және отбасы істері комитетінің төрағасы Бунафша Файзиддинзода ведомствоға әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы барлығы 3609 шағым түскенін немесе өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 367 жағдайға көп екенін хабарлады.
— Олардың ішінде әйелдерге қатысты 3423 қылмыс тіркелді, бұл 2024 жылғы көрсеткіш салыстырғанда 177 жағдайға көп. Бұдан басқа, жас бойжеткендерге қатысты 288 қылмыс тіркелді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 80 жағдайға көп, — деп мәлімдеді спикер.
Ол есепті кезеңде әйелдер тарапынан ерлерге қатысты зорлық-зомбылыққа қатысты шағымдар санының да өскенін атап өтті. Мұндай 590 шағым тіркелді, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 36-ға көп.



