
Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ хабарлады, деп жазады Kazinform агенттігі.
Гранттар мынадай бағдарламалар бойынша ұсынылады:
- бакалавриат – 70 орын;
- магистратура – 20 орын;
- үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасы – 10 орын.
Оқыту тілі – тәжік және орыс тілдері.
Грант келесі шығындарды қамтиды:
- тегін оқу;
- ай сайынғы стипендия;
- медициналық қызмет көрсету.
Қалған шығындар, оның ішінде жолақы мен жатақхана ақысы, грант иегерінің есебінен төленеді.
Құжаттардың толық топтамасын қабылдау 2025 жылғы 10 шілдеден 5 тамызға дейін жүргізіледі.