Тәжікстан президенті Қырғызстанға сапарлайды
12 наурызда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапармен барады.

Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Азымбакиевтің ақпараты бойынша осы сапар аясында оның мәртебесіне сәйкес салтанатты іс-шаралар, сондай-ақ Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Нұрланбек Тұрғынбекуулы және Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Қасымалиевпен екіжақты кездесулер жоспарланған.
— Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров пен Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның Бірлескен мәлімдемесін қабылдау, Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасында Мемлекеттік шекара туралы келісімге және басқа да екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр, — деп атап өтті М.Азымбакиев.
Бұған дейін Қырғызстан мен Тәжікстан шекара мәселесін толық реттегенін жазған болатынбыз.