Саясат
Тәжікстан президенті Қазақстан халқына көңіл айтты
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Үкімет пен достас Қазақстан халқының күш-жігерімен өрттің жақын арада ауыздықталатынына сенім білдірді, деп хабарлайды Turanews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Абай облысындағы ауқымды өрт салдарынан адамдардың қаза тапқаны жөніндегі қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабыл алдық. Барша бауырлас Қазақстан халқына, қаза тапқан азаматтардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», – деп жазды Тәжікстан Президенті.