Тәжікстан Ресей, Түркия, Қазақстан және Сауд Арабиясында сауда орталықтарын ашу арқылы экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге ұмтылыс жасамақ, деп жазады Turanews.kz Trend-ке сілтеме жасап.
«Қазір біз Санкт-Петербург пен Мәскеуде, сондай-ақ Сауд Арабиясында, Қазақстан мен Түркияда тәжік сауда үйлерін ашу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бастама әзірге әзірлену үстінде», — деді республикалық экспорт агенттігінің директоры Бахриддин Сироджиддинзода.
Мұндай сауда үйлері тәжік кәсіпорындарында өндірілетін өнімдердің үлгілерімен танысуға, сондай-ақ өндірушілермен байланыс орнатуға және тапсырыс жасауға мүмкіндік береді.