Қоғам

Тәжікстан азаматы Астанада терроризмді насихаттағаны үшін сотталды

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының Тәжікстан Республикасының 26 ​​жастағы азаматына қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды Turanews.kz Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы күрес орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, халықаралық лаңкестік ұйымдардың идеологиясын насихаттағаны үшін сотталған «М» өз бетінше астаналық діндарларды «қарулы жиһадқа» қатысуға үндеген.

Сонымен қатар, ол өз әрекетінің заңсыздығын түсініп, лаңкестерге қаражат жіберген.

Елордалық соттың үкімімен шетел азаматы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256 және 258-баптары «Терроризмді насихаттау», «Терроризм қызметін қаржыландыру» бойынша кінәлі деп танылып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

TuraNews

Back to top button