
Жерасты дүмпуі 9 қаңтарда Астана уақытымен сағат 2:14-те (Гринвич бойынша 8 қаңтар күні кешкі сағат 21:14) Тәжікстан аумағында тіркелді.
ҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес, зілзала ошағының бағыты 38.74 градус солтүстік ендік, 73.23 градус шығыс бойлықта жатыр.
- Магнитудасы mpv=5.9.
- Энергетикалық класы K=12.7.
- Тереңдігі h=187 шақырым.
NOVA24-LIVE Telegram арнасының хабарлауынша, 9 қаңтар күні сағат 2:14-те Тәжікстандағы жер сілкінісі Өзбекстанда сезілді. Эпицентрдегі жер сілкінісінің магнитудасы 4,0 балды болған, ал Өзбекстан аумағында сезілуі мынадай:
- Ферғана облысы: 2-3,балл, 260 шақырым
- Әндіжан облысы: 2 балл, 85 шақырым
- Наманған облысы: 2 балл, 325 шақырым.



