Әлем
Тайваньдағы зілзаладан зардап шеккендер саны артуда
Аралдық елдегі зардап шеккендер саны 1050-ге жетті.
Тайвань аралының Хуалян округінде 3 сәуір күні таңертең болған 7,2 балдық жер сілкінісі кейінгі 25 жылдағы ең ірі зілзала деп бағаланды, деп жазады Reuters.
Тайваньның өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, зардап шеккендер саны 1050-ге жетті, жоғалғандар саны – 52 адам, қаза тапқандар саны – 9 адам. Аралдағы танымал туристік бағыт Тароко ұлттық саябағындағы курортқа бет алған 50-ге жуық қонақ үй қызметкерлерінің жиырмасы аман-есен табылды. Тағы да 26 жұмысшы құтқарылған.
Хуалян қаласында ғимараттарда қалып қойған адамдарды құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Қаланың кейбір тұрғындары жер сілкінісінен кейін, үйлеріне кіруге қорқып, далада қойған. Арал тұрғындары бір күнде 300 реттен астам жер сілкінісін сезген.