Нью-Йорк Таймс-Скверіндегі ең үлкен әрі әлемге танымал LED-экранның бірінде кешеден бері Димаш Құдайбергеннің таяуда жарық көрген «Omir» музыкалық клипін және оның алдағы уақытта Малайзияда өтетін жеке концертін қолдауға арналған видеороликтер көрсетіліп жатыр, деп жазады Turanews.kz Dimashnews.com-а сідтеме жасап.
Сайттың мәліметінше, үш видеоролик транслациясын қазақ әншісінің ресми фан-клубы ұйымдастырған. Видеороликтер тәулік бойы әр 20 минут сайын LED-экранда көрсетіледі.
Естеріңізге сала кетсек, Димаш Құдайбергеннің Малайзия астанасы Куала-Лумпурдегі бірінші жеке концерті 24 маусым күні өтеді.
Бұған дейін Димаш Құдайберген «Omir» деп аталатын жаңа музыкалық клипын ұсынған болатын. Әнші өнер туындысын жанкүйерлеріне арнады.