ӘлемБасты

Тайландты дүр сілкіндірген жойқын жер сілкінісі: ғимараттар қирап, көпірлер опырылды

Тайландта магнитудасы 7,7 балға жеткен жойқын жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпулерінің күші соншалық, ғимараттар мен көпірлер қирап, қалалардың зәулім үйлері тербеліске түсті.

Жер сілкінісінің эпицентрі Мьянмада орналасқан. Алайда, жер асты дүмпулері Бангладеш, Үндістан, Лаос және Қытайда да сезілді, деп хабарлайды TuraNews.kz.

CNN хабарлауынша, алғашқы жер сілкінісінен 12 минут өткен соң аймақта магнитудасы 6,4 балдық қайталанған жер асты дүмпуі болған.

«Біз шамамен бір минуттай жердің сілкініп тұрғанын сездік. Сосын ғимараттан жүгіріп шықтық. Басқа адамдардың да жүгіріп шығып жатқанын көрдік. Бұл кенеттен әрі қатты болды», — деп басылымға атын атамауды өтінген Мьянма астанасы Янгон қаласының тұрғыны айтқан.

AP

Басылым тілшілерінің хабарлауынша, жер асты дүмпулері Тайланд астанасы Бангкокта да сезілген.

Associated Press агенттігінің мәліметінше, Бангкок жер сілкінісі салдарынан көпқабатты үйлерден тұрғындарды эвакуациялай бастады. Басылым жер сілкінісінің шамамен 10 минутқа созылғанын хабарлады.

WeatherMonitors

Қазіргі уақытта құрбандар мен келтірілген шығын көлемі туралы нақты мәліметтер жоқ.

 

 

TuraNews

Back to top button