Таеквондодан Кенияның Найроби қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитеті.
Екі алтын және бір қола медаль жеңіп алған ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте Түркия мен Ираннан кейін үшінші орынға табан тіреді.
Қазақстанға алғашқы алтынды +87 кг салмақ дәрежесінде Бейбарыс Қаблан әкелді. Екінші алтынды 87 кг-ға дейінгі салмақта Батырхан Төлеуғали жеңіп алды.



