ӘлемБасты

Табризде Иран президентімен қоштасу рәсімі өтті

Тікұшақ апатынан қаза тапқан Иран президенті Ибрахим Раисимен қоштасу рәсімі Иранның Табриз қаласында өтті.

20 мамырда Иранның рухани жетекшісі Аятолла Сейед Әли Хаменеи президент Ибрахим Раиси мен оның қасындағылардың шәһид болуына байланысты бес күндік аза тұту жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, Иранның сегізінші президенті Ибрахим Раиси 19 мамырдан 20 мамырға қараған түні тікұшақ апатынан қаза тапты.

 

TuraNews

Back to top button