![](https://turanews.kz/wp-content/uploads/2025/02/whatsapp-gorsel-225-2-14-saat-18.36.58_cb8d799b-780x470.jpg)
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өткен жылдан бері Бейбарыс сұлтан көшесінен Әбілқайыр хан көшесіне дейінгі Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеті нығайтылып, аталған даңғылдың 6,7 шақырымы қайта жаңғыртыла бастағанын айтты. Мердігер мекеме «Уад» ЖШС бұған дейін 1,2 шақырым кеңейтілетін аумаққа асфальт төседі.
Сонымен қатар, Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеті тазаланып, 2,6 шақырымға жуық дамба нығайтылды және 1,2 шақырым тіреу қабырғасы тұрғызылды. Бүгінде қосымша жер телімдерін сатып алу қажеттілігі туындап, зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Еске салайық, өткен жылы аймақтың жол инфрақұрылымын дамытуға 44 млрд. 703 млн. теңге бөлініп, 300 шақырымнан астам жол жөнделді. Нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайыздан асты. Республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолын қайта жаңғырту жалғасуда. Облыс аумағындағы 216 шақырымның 151 шақырымы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Қосымша 30 шақырымына екі қабатты асфальт жабындысы төселді. Жұмыс қарқынды жүруде, жоба биыл толық аяқталады.