«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық конкурс
Қонаев қаласы – 2024 жыл
- Жалпы ережелер
1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» тақырыбында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың республикалық конкурсын (бұдан әрі мәтін бойынша – Конкурс) өткізу тәртібін, қатысушыларға қойылатын талаптарды, бағалау өлшемшарттарын, өткізу мерзімдерін айқындайды және барлық конкурстық іс-шаралар аяқталғанға дейін қолданылады.
1.2. Конкурстың міндеттері:
— парасаттылық идеологиясын және сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік төзімділікті» ілгерілету;
— азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тарту;
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы перспективалы жобаларды іздеу;
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы азаматтық бастамаларды қолдау.
- Конкурсты ұйымдастыру тәртібі мен өткізу мерзімдері
2.1. Конкурстың ұйымдастырушылары «Ішкі саясат басқармасы» ММ, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» ЖҚБ болып табылады.
2.2. Конкурсқа барлық өтінім білдіруші тұлғалар (жеке және заңды тұлғалар), оның ішінде жұртшылықтың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатыса алады.
2.3. Конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды қатысушылар өз қаражаты есебінен жүргізеді.
2.4. Конкурстың басталуын жариялау және жобаларды (жұмыстарды) қабылдау 2024 жылғы 23 қыркүйегінен бастап жүзеге асырылады.
2.5. Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар осы Ереженің қосымшасында көрсетілген нысанға сәйкес өтінім береді.
Өтінімге қоса беріледі:
— конкурстық жұмыстың қысқаша сипаттамасы (көлемі 2 беттен аспайтын Word мәтіндік құжаты түрінде);
— конкурстық жұмыс.
Бір конкурсант үшін жобалар (жұмыстар) саны 1 (бір) адамнан аспайды және 1 (бір) бағыттан аспайды.
2.1. Конкурсқа өтінімді 3 (үш) адамнан аспайтын топта және жеке-дара беруге болады.
2.2. Байқау екі кезеңде өткізіледі – іріктеу және финал.
Іріктеу кезеңі 2024 жылғы 23 қыркүйектен 20 қарашаға дейін өткізіледі.
Конкурстық жұмыстарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінің сүйемелдеуімен 2024 жылғы 23 қыркүйектен 20 қарашаға дейін «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» ЖҚБ жүзеге асырады.
Көрсетілген мерзімнен кейін алынған жұмыстар конкурстық комиссиямен (Алматы облысы әкімі аппаратының және Алматы облысы бойынша ҚАПК-нің бекітілген комиссиясы) қаралмайды.
Конкурстық комиссия ұсынылған жұмыстарды 2024 жылғы 23 қыркүйек пен 20 қараша аралығында бағалайды.
Конкурстық комиссия іріктеп алған жобаларға (20 жұмыстан аспайтын) конкурстың соңғы кезеңіне қатысу үшін жол беріледі.
Іріктеу кезеңінің нәтижелерін жариялау — 2024 жылғы 25 қараша.
Соңғы кезең 2024 жылдың 29 қарашасында өтеді.
2024 жылғы 29 қарашада Қонаев қаласында қатысушылар конкурстық комиссияға өз жұмыстарын таныстырады және конкурс жеңімпаздары анықталады.
2.3. Жобада жобаны әзірлеушілердің нақты санын көрсетуді ұмытпаңыз.
- Конкурстық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын талаптар
3.1. Конкурсқа келесі басым бағыттар бойынша жұмыстар ұсынылуы мүмкін:
Басым бағыттар | Шамамен жұмыс түрлері* |
1. Қоғамдық бақылау | 1.1. Журналистік зерттеулер жүргізу;
1.2. Бюджет қаражатын жұмсау тиімділігінің мониторингі; 1.3. Қоғамдық бақылаудың тетіктері мен нысандары; 1.4. Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын және есептілігін қамтамасыз ету; 1.5. Қоғамдық бақылау шеңберінде мемлекеттік органдардың азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл тетіктері; 1.6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға азаматтық қатысу нысандары мен тетіктері; 1.7. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты/нұсқаулықтарды әзірлеу; 1.8. Еріктілерге арналған нұсқаулық. |
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және зерттеу | 2.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицерлерге арналған нұсқаулық;
2.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің есептілік нысаны; 2.3. Цифрлық қаржы активтерін, криптобиржаларды және басқа да цифрлық платформаларды пайдалана отырып жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы іс-қимыл жөніндегі әдістемелік ұсынымдар; 2.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жария портал; 2.5. Әлеуметтік желілерде және БАҚ-та сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту; 2.6. Бейне ойындар арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру тетіктері; 2.7. Квазимемлекеттік және жеке ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді комплаенсті енгізу тетіктері; 2.8. Сыбайлас жемқорлық бойынша оқу кейстерін қалыптастыру; 2.9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-білім беру ресурстары; 2.10. Қазақстандық сыбайлас жемқордың психологиялық портреті; 2.11. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім базасын құру / энциклопедия; 2.12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту бойынша оқу-көмекші материалдарды жобалау және бағдарламалық ресімдеу; 2.13. Мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік және жеке ұйымдардың қызметкерлері, студенттер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру бағдарламаларын әзірлеу; 2.14. Корпоративтік оқытуға сыбайлас жемқорлыққа қарсы компонентті енгізу 2.15. Сыбайлас жемқорлықты өлшеу: оның деңгейі мен динамикасын тікелей және жанама бақылау тәсілдері мен әдістері; 2.16. Парасатты бизнесті ынталандыру және дамыту; 2.17. Корпоративтік сектордағы сыбайлас жемқорлық практикалары мен алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың Комплаенс-әдістемелері; 2.18. Жеке тұлғаның ерекшеліктері мен сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың өзара байланысын зерттеу; 2.19. Корпоративтік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің нәтижелілігі мен тиімділігін бағалау; 2.20. Цифрландыру жағдайындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар; 2.21. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау тетіктері; 2.22. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған адамдарды қорғау; 2.23. Мүдделер қақтығысы: активтер мен мүдделерді декларациялау. |
3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою | 3.1. Экономика және мемлекеттік басқару салаларына қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бейіндері бар сыбайлас жемқорлық картограммасы;
3.2. Сандық шешімдер; 3.3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауда жасанды интеллект әлеуетін пайдалану; 3.4. Нормативтік-құқықтық актілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасында Машиналық оқыту; 3.5. Мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардағы мүдделер қақтығысын реттеу тетіктері; 3.6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Жасанды интеллект; 3.7. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау процесін автоматтандыру; 3.8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-рәсімдерді автоматтандыру. |
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар | 4.1. Аудио-визуалды бұқаралық ақпарат құралдары;
4.2. Фильмдер (телехикаялар); 4.3. Комикстер, ойындар; 4.4. Мобильді ойындарды оқытуға арналған дизайн мен бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу; 4.5. Сыбайлас жемқорлық туралы мобильді оқыту ойыны.
|
* көрсетілген жұмыс түрлері толық емес.
3.2. Жұмыс жеке және топтық болуы мүмкін.
3.3. Жұмыс Word мәтіндік құжаты және PowerPoint презентациясы түрінде жасалады (көлемі 15 слайдқа дейін) және e-mail-де kongressmen550@gmail.com электронды түрде ұсынылуы керек. Хабарландыруда көрсетілген ұйымдастырушылар (т.8 705 727 40 00).
3.4. Жұмыста келесі ақпарат болуы керек:
— SMART-мақсат;
— тапсырмалар;
— іске асыру мерзімдері;
— жұмыс көлемі;
— мүдделі тараптар;
— ықтимал шығындар, ресурстар және тәуекелдер.
3.5. Конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлері:
— белгіленген бағыттарға сәйкестігі;
— өзектілігі және теориялық негізділігі;
— деректерді зерттеу мен талдаудың толықтығы;
— жұмыстың практикалық қолданылуы мен құндылығы.
3.6. Көрсетілген талаптарға сай келмейтін жұмыстар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
4. Конкурсты өткізу және қорытындылау тәртібі.
4.1. Байқау екі кезеңнен тұрады:
— іріктеу кезеңі финалдық кезеңге одан әрі қатысу үшін 12-дан аспайтын жобаны іріктеуге мүмкіндік береді. Іріктеуді Алматы облысы әкімінің аппараты, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті құратын Конкурстық комиссия жүргізеді.
— соңғы кезең іріктеу кезеңінің нәтижелері бойынша іріктелген жобалар арасында конкурс өткізуді көздейді.
4.2. Іріктеу кезеңі қашықтықтан өткізіледі. Қатысушылар конкурстық жұмыстармен өтінімді электрондық пошта арқылы kongressmen550@gmail.com почтасына жібереді, конкурс хабарландыруында көрсетілген. Іріктеу кезеңінің нәтижелері және финалдық кезеңге өткендердің тізімі 2024 жылғы 25 қарашада облыс әкімі аппаратының сайтында «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ бөлімінде жарияланады.
4.3. Финалдық кезеңге қатысушылар өз жобаларын 2024 жылғы 29 қарашада Қонаев қаласында салтанатты іс-шарада таныстырады.
- Байқаудың жүлде қоры
5.1. Байқаудың жүлде қоры 2.000.000 (екі миллион) теңгені құрайды.
5.2. Жүлде қоры келесі қағидат бойынша бөлінеді:
— Қоғамдық бақылау 1 орын — 250 000, 2 орын – 150 000, 3 орын — 100 000 теңге.
— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және зерттеу 1 орын – 250 000, 2 орын — 150 000, 3 орын-100 000 теңге.
— Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою 1 орын – 250 000, 2 орын — 150 000, 3 орын-100 000 теңге.
— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар 1 орын – 250 000, 2 орын — 150 000, 3 орын-100 000 теңге.
5.3. Конкурстық комиссияның шешімі бойынша жеңімпаздарға жобаны іске асыру процесінде қаржылық-техникалық сүйемелдеу көрсетілуі мүмкін.
5.4. Конкурс жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментіне жобаны іске асыруға бөлінген қаражатты нысаналы пайдалану бойынша есептілікті 1-ден кешіктірмей ұсыну бойынша міндеттемені өзіне қабылдайды.
- Ерекше шарттар
6.1. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қатысушының авторлығына сілтеме жасай отырып, жұмыстарды жариялауды жүзеге асыруға құқылы.
6.2. Қатысушылар осы Ереженің барлық шарттарымен өз жұмыстарын конкурсқа жіберу фактісімен келісетінін растайды.
6.3. Қатысушылар өз жұмыстарын конкурсқа жіберу фактісімен олардың дербес деректерін өңдеуге келісімін растайды.
6.4. Бірдей жобалар анықталған жағдайда бірінші берілген жоба қарауға түседі.
6.5. Конкурстық комиссия балдарды есептеу кезінде негіздеме, оның өзектілігі, сондай-ақ жұмыстың тұжырымдалған мақсаттары мен міндеттерінің болуы кезінде бірдей жобаларды қарайтын болады.
Қосымша
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар конкурсына қатысуға өтінім
Өңір | Қатысушының аты-жөні |
Жұмыс бағыты (қоғамдық бақылау, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар) |
Конкурстық жұмыстың атауы | Байланыс номері |