Қоғам
Студент таңдауы: Екатеринбургтен Петропавлға АҚШ дипломы үшін
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу бастамасы аясында қос дипломдық білім беру бағдарламалары белсенді түрде дамып келеді.

Қозыбаев университеті мен Аризона университеті (АҚШ) арасындағы серіктестік – осындай ынтымақтастықтың жарқын дәлелі, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Қос диплом бағдарламасына оқуға түскен студенттердің бірі – Екатеринбург қаласынан келген Егор Рохин. Бүгінде ол, IT бағытын таңдап, ақылы негізде оқып жатыр. Бағдарлама АҚШ-қа бармай-ақ америкалық білім алуға мүмкіндік берді.