Мәдениет
СҚО-да тамыз айында «Ботай — Ұлы дала мәдениеті» халықаралық суретшілер симпозуымы өтеді
Солтүстік Қазақстан облысында тамыз айында «Ботай — Ұлы дала мәдениеті» атты халықаралық суретшілер симпозуымы өтеді.

Тамыз айында өнер сүйер қауым мен облыс қонақтарын ерекше шара күтіп тұр, деп хабарлайды TuraNews.kz сайты Qazaqstan Media-ға сідтеме жасап.
Үшінші рет ұйымдастырылып отырған «Ботай — Ұлы дала мәдениеті» атты халықаралық суретшілер симпозиумында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдерден келген 20-дан астам қылқалам шебері қатысады.
Бұл ауқымды іс-шара барысында суретшілер көне тарихи ескерткіштерді өз туындыларына арқау етіп қана қоймай, сонымен қатар өңірдің бай тарихы мен салт-дәстүрін өнер тілімен паш ететін болады.
Симпозиум қатысушыларға түркі халықтарының мәдени мұрасымен танысуға және өзара тәжірибе алмасуға тамаша мүмкіндік береді.